Қазақстанда түлектер кеші қашан өтеді және мұғалімдерге сыйлық беруге бола ма? Министрлік жауап берді
Қазақстан бойынша түлектер кеші 12 маусымда өтеді. Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева салтанатты шараның өтетін күнін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Түлектер кеші 12 маусымда мемлекеттік емтихандар мен ҰБТ өткеннен кейін өтеді. Министрлік бастапқыда түлектерін кешін дүркіретіп өткізуден бас тартуға шақырды. Мектептер, түлектер мұндай пікірмен келісті. Оған өте қуаныштымыз. Ата-аналардың да мойнынан жүк түседі. Кей ата-аналар ақша беріп қойғанын, түлектер кеші өтетін орынмен келісіп қойғанын айтуда. Алайда біз түлектер кешін мектеп қабырғасында өткізуге шақырамыз", - дейді министрдің орынбасары.
Сонымен қатар министрліктегілер мектепте ақша жинауға тыйым салынғанын еске салды.
"Сыйлықтарға тыйым салынғанына үш жыл болды. Мысалы, біз түлектердің ағаш отырғызуына тыйым салмаймыз. Алайда мектеп әкімшілігіне, мұғалімдерге, ата-аналарға сыйлық жинау, сыйлыққа ақша жинауға тыйым салынғанын ескертеміз", - дейді Эльмира Суханбердиева.
Stan.kz