Алматы — Бішкек жолында қолына орақ ұстап алған "кемпір" жүргізушілерді таңғалдырды
Алматы — Бішкек жолында жүргізушілер қолына орақ ұстап алған "кемпірді" көрді.
Компания осы тәсіл арқылы жүргізушілерге жолда қауіпсіздікті сақтау керектігін айтқысы келген.Жол полиция қызметкерлері қолдарына жылдамдықты азайтуды білдіретін белгілерді ұстап алып, Алматы-Бішкек жолының бойына қатармен тұрған. Ұйымдастырушылардың сөзінше, шараның басты мақсаты — жолда болатын авариялардың салдары өлім санының қарқынды өсуіне алып келетінін көрсету, жүргізушінің мәдениетін арттыру.
Жүргізуші жол ережесін менсінбесе, бей-жайлық танытқан жағдайда ең қайғылы оқиғалар орын алады. Ол осыны ұмытпауы тиіс.
"ҚазАвтоЖол" мәліметінше, Алматы-Бішкек көшесінде 2018 жылы 171 ЖКО орын алған. 49 адам қайтыс болып, 280 адам жарақаттанған.