» » Дубайда 80-ге жуық қазақстандықты ұшаққа отырғызбай қойды

Дубайда 80-ге жуық қазақстандықты ұшаққа отырғызбай қойды

ÐÑбайда 80-ге жÑÑÒ ÒазаÒÑÑандÑÒÑÑ Ò±ÑаÒÒа оÑÑÑÒÑзбай ÒойдÑСексенге жуық қазақстандық Дубайдан Шымкентке ұша алмай қалды. Оларды белгісіз себептермен рейстен алып тастаған.

Бұл туралы Otyrar.kz порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
«Ұшуға 5-10 минут қалғанда ұшқыш шымкенттік әуежайдың біздің бортты қабылдаудан бас тартқанын айтты. Осылайша, бізді ұшақтан түсіріп тастады. Артынша бізді 6-7 сағат әуежайда ұстады. Ал біз отырған ұшақ тек жартылай толы болған еді», - дейді жолаушылардың бірі Жандәулет Тілеубердиев.
Мұнан кейін қазақстандықтарды мейманханаларға жіберген. Ер адамның сөзінше, туроператорлар жолаушыларға оларды Қазақстанға емес, көршілес елдерге жіберетінін айтыпты. 
«Бізді жақын орналасқан Қырғызстан, Өзбекстан тәрізді елдерге жіберетінін айтты. Ал әрі қарай өздерінің мәселесі емес. Адамдар өздері жетуі тиіс», - дейді ер адам. 
Ал СІМ-нің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, Дубайдағы қазақстандық елшілер аталған мәселені айрықша бақылауға алған. 
«Қазіргі уақытта ешқандай шағым жоқ. Fly Dubai әуе компаниясының мәліметінше, жолаушылардың барлығы қонақ үйлерге орналастырылған және тамақпен қамтамасыз етілген. Әуе компаниясы Алматы, Бішкек және Тараз арқылы ұшатын баламаны ұсынуды жоспарлап отыр. Жолаушылардың барлығы ертең немесе бүрсігүні Қазақстанға ұшып шығады деп болжануда», - дейді Айбек Смадияров.
03 сәуір 2019 ж. 569 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 664

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30