» » Джентельмендер клубы халі мүшкіл ақтөбелік әйелге баспана сыйлады

Джентельмендер клубы халі мүшкіл ақтөбелік әйелге баспана сыйлады

Оразаның соңғы күнінде Қазақстандағы Джентльмендер клубы асыраушысынан айырылған ақтөбелік әйелге тегін баспана сыйлады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бәріне қол ұшын соза алмасақ та, нақты бір отбасын бақытты ете алдық. Бей-жай қалмаған Қазақстанның өзге де азаматтарын бізден үлгі алуға шақырамыз.Өмірді жақсартуға үлес қосайық», - деп жазды клуб төрағасы Арман Қашқынбеков әлеуметтік желіде.

Оның айтуынша, бұл бастамаға Қазақстанның көптеген қалаларынан ақшалай көмек түскен. Бес мың, 100 мың, тіпті 900 мың теңгеге дейін қаржы бергендер бар екен. Нәтижесінде - 10 күнде 6 млн теңге жиналған.

«Клуб төрағасы Арман Қашқынбеков екеуміз Ораза айында қаражат жинап, бір көпбалалы анаға баспана сыйласақ деп ұсыныс жасап едік. Жігіттер қолдай кетіп, қомақты сома жиналды.

Әрине, неше түрлі нұсқалар болды. Жағдайы қиын аналар көп. Бірақ, ақтөбелік келіншектің жағдайы тым мүшкіл. Үш балалы әйел, күйеуі жоқ, тұңғышы мүгедек, өзі де сырқаттанып, пәтер жалдап жүр.

Оған дейін Астана, Алматы сынды үлкен қалалардан қарастырамыз деп ойлағанбыз. Бірақ ақтөбелік жігіттер жиналған соманың үстіне тағы қаржы қосып, жөндеу жұмыстарын мойынға алып, Ақтөбе қаласынан пәтер алып бердік», - деді Джентльмендер клубының мүшесі Арман Шораев.

kaz.nur.kz

05 маусым 2019 ж. 629 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930