» » "Жалаңбас жүргенін көрмеппін": Айнұр Тұрсынбаеваның орамал туралы жазбасы жұртқа ұнап қалды

"Жалаңбас жүргенін көрмеппін": Айнұр Тұрсынбаеваның орамал туралы жазбасы жұртқа ұнап қалды

Айнұр Тұрсынбаеваның орамал туралы жазбасы жұртқа ұнап қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


Ақын желідегі парақшасына орамалдың әйел заты үшін қаншалықты маңызды екенін айтып жазба қалдырған. Әжесінің орамалға деген құрметін айтып мақтанған Айнұр Тұрсынбаева қазақ әйелінің көркі болған орамалды теріс діни ағымға түскендер тағады деп қабылдайтынымызды айтып ашынды.

"Менің ойымша орамал әйел затына ерекше нәзіктік береді. Және орамал жараспайтын әйелді көрмедім. Апам марқұмның жалаңбас жүргенін өмірі көрмеппін, қазір жалаңбас әжелер көбейді бірақ. Және орамал туралы сөз бола қалса "Діннің фанаты, ваxабист салафит" деп үрке қарайтын xалге жеттік. Орамалды тек қана мұсылмандар емес, барлық ұлттың әйелдері тағады ғой негізі", - деп жазды Айнұр Тұрсынбаева. 

Осылайша қыз-келіншектерге орамалды насихаттап, тіпті психологтардың кеңесін де айтуды жөн көрген. Айнұр Тұрсынбаев шаштың қадір-қасиетін ұғындыруға да тырысып бақты. Тіпті орамал тақпай, шашты көрсетіп жүру денсаулыққа да зиян екенін жасырмады ақын.

"Псиxологияда көз тиіп ауыра беретін қыздарға орамал тағып жүру керектігі айтылады. Шаш үлкен магниттік күшке ие! Сөз бен көзден келетін жамандық алдымен шашқа жабысады екен. Мысалы жаназада қызмет еткен әйелдер жалаңбас жүрсе шашын бірнеше қайтара жуу керек екен. Тіпті кей кездері басың ауырып қоймаса салқындау сумен жуып жіберсеңіз сап тыйылады, себебі жаман көз бен сөз шаш арқылы басқа ауыр тиеді екен", - дейді айтыскер ақын.

Артынша Айнұр Тұрсынбаева орамалға қатысты ырым-тиымдарды оқырмандарынан сұрап, кері байланыс орнатуға тырысқан.

"Ертеректе аяғы ауыр келіншектер жалаңбас жүрсе ішіндегі баласына ауыр тиеді дейді екен. Байқасаңыздар адам ауырса, бала көтерсе, қатты стреске түссе шашы уыстап түсе бастайды. Көңіл күйдегі ауытқушылық алдымен шашқа әсер етеді. Сондықтан шашты жауып жүрген дұрыс. Орамалға байланысты қандай ырымдарды білесіздер?" - дейді Айнұр Тұрсынбаева.

Stan.kz
07 маусым 2019 ж. 957 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 726

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031