» » "Нанды қорлады": Ұнды шашып ойнаған Луина елдің ашуын тудырды

"Нанды қорлады": Ұнды шашып ойнаған Луина елдің ашуын тудырды

Отандық әнші Луина сүйіктісімен ұнды шашып ойнаймын деп ел қаһарына ұшырады. Желідегілер әншіні нанды қорлағаны үшін айыптап, кейбір адамдардың бір келі ұнға жете алмай жүргенін бетіне басты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көпшіліктің ашуын тудырған видео Instagram желісінде жарияланған.

Онда қос ғашық ойнап, бір-бірінің бетіне ұн шашады. Өздеріне аса қызық болып көрінген ойын желі қолданушыларына мүлде ұнамай қалған.

Ашуға булыққан көпшілік нанмен ойнаған ғашықтардың қылығын аяусыз сөгіп тастады. Олар әнші қызға ұнды рәсуа қылғаны үшін кері пікірлерді жаудырды.

"Нанды қорлады. Сол бір қалта ұнға жете алмай отырғандар қаншама", "Ұнмен ойнаған ақымақтар", "Елімізде мисыздар көбейіп кетіпті", "Нан ұсағын шашпаңдар. Жерде жатса, шашпаңдар. Теріп алып, қастерлеп. Торғайларға тастаңдар деген өлең бар ғой. Бір нанға зар болып қалмайық", "Ойнайтын нәрсе тауыпты", "Ұнды бекерге рәсуә қылды ғой", "Ұнмен ойнап жатқаны несі?", - деп жазуда көпшілік.


NUR.KZ

10 маусым 2019 ж. 575 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 140

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930