Тәуелсіздік жылнамасындағы тарихи күн
Бүгін Тәуелсіз еліміздің жылнамасында тағы бір тарихи сәтті бастан өткердік. Қазақстан Президентін ұлықтау рәсімі 9 маусымдағы сайлау нәтижесінде жеңіске жеткен Қасым-Жомарт Тоқаевтың қызметіне ресми түрде кіріскенін айқындайды.
Ұлықтау рәсімінде Президент өз бағдарламасын жария етті. Бірқатар маңызды мәселелер қамтылған бағдарламаны бүкіл ел тыңдады. Мемлекет басшысы атап өткен 10 бағыттың ең басында халықтың табысын арттыру мәселесінің тұруы азаматтарымыздың өз елінде алаңсыз өмір сүріп, еңбек етіп, ұрпағын тәрбиелеуіне жол ашады.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес, әділеттілік, қоғамдағы әртүрлі көзқарастарды сыйлай отырып, ортақ ұстанымға шақырудың маңызы зор. Президент «Енді біз қоғамдағы өзекті мәселелерді айқын көріп отырмыз. Оның шешу жолдарын білеміз», – деді.
Азаматтардың барлық жерде әділдік орнауын қалауы – қалыпты жағдай. Президент халықтың табыс көлемінің азаюына халықаралық қаржы нарықтарының тұрақсыздануы, теңгенің девальвациясы кері әсер еткенін атап өтті.
– Миллионнан астам азаматтарымыз банктен несие алуға мәжбүр болды. Табысы жоғары және төмен азаматтардың арасындағы алшақтық – біздің қоғамды мазалайтын тағы бір өзекті мәселе. Әрине, мұндай құбылыстар бүкіл әлемде бар, дегенмен тоқмейілсіп отыра беруге болмайды. Сондықтан, дәл осы өткір әлеуметтік-экономикалық және саяси мәселені шешу үшін ортамерзімді кешенді шаралар қабылдау қажет, – деді Президент.
Қоршаған ортаның қазіргі мүшкіл хәлі елімізге бірыңғай экологиялық саясат қажеттігін алға тартып отыр. Жаңа Экологиялық кодекс қабылдау, әр үйге таза ауыз су жеткізу, жолдардың сапасы, қолжетімді баспана сияқты өмірлік маңызы бар бастамалар халықтың көңілінен шықты деп ойлаймын.
Ержан БАЙТІЛЕС,
«Nur Otan» партиясы облыстық филиалы
төрағасының
орынбасары.
«Nur Otan» партиясы облыстық филиалы
төрағасының
орынбасары.