» » Әріптестері болып шықты: Инкассаторларды өлтіріп, 7,5 млн ақша ұрлаған күдікті ұсталды

Әріптестері болып шықты: Инкассаторларды өлтіріп, 7,5 млн ақша ұрлаған күдікті ұсталды

Полиция Түркістан облысында инкассаторларды әріптестерінің өлтіргенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 


"2019 жылдың 7 маусымы күні кешкі сағат 18:16-да Арыс кезекші бөліміне пошта бөлімінен екі инкассатордың қызметтік көлікпен Задарья ауылына, кейін Монтайтас ауылына бағыт алғаны туралы хабар келіп түсті. Поштамен байланысқа шығып, өздерінің Қожатоғай ауылына қарай бара жатқанын айтқан. Алайда кейін 12 сағатқа іс-түссіз жоқ болып кетеді. Көлікте ауыл тұрғындарына зейнетақы ретінде берілуі тиіс 7,5 миллион теңге болған. Біз инкассаторларды іздеп табуға қатысты барлық шараны қолға алдық. Полиция департаменті мен Арыс аудандық полиция бөлімінен құрылған арнайы жедел тергеу тобын құрдық.
Қызметкерлер барлық камераны тексеріп, тұрғындардан сұрастырды. Нәтижесінде сол күні шамамен сағат 20:00 кезінде полицейлер Арыстан 3 километр жерден инкассатор көлігін тапты. Көліктің ішінде қан болды. Біз бірден инкассаторларды өлтіріп кетті деп ойладық. Осылайша іздестіру жұмыстарын жалғастырып, келесі күні сағат 06:00 кезінде аудан орталығынан 35 километр жерден инкассаторлардың мәйітін таптық. Олардың басына оқ тиген екен. Жедел тергеп-тексеру жұмыстарының арқасында күдіктіні тұрғылықты мекенжайы арқылы ұстадық. Ол 1981 жылғы жергілікті тұрғын әрі марқұм инкассаторлардың әріптесі болып шықты.
Күдіктінің үйінен аң аулауға арналған мылтық пен ақша табылды Ол кезекті демалыста болып, әріптестерінен өзін жол-жөнекей ала кетуді өтінген. Кейін екеуін атып өлтіріп, көліктегі ақшаны алып кетеді. Ер адам ҚР ҚК 99-бабына сәйкес айыпталып отыр. Күдікті тұтқындалды. Болған оқиғаның мән-жайы сотқа дейінгі тергеу барысында анықталады", - деді Түркістан облысы полиция департаментінің басшысы, генерал-майор Қайрат Дәлбеков брифинг барысында. 
Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Түркістан облысында белгісіз біреудің инкассаторларға шабуыл жасап, ақша ұрлағаны туралы хабарлаған едік. 
15 маусым 2019 ж. 831 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 760

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930