» » Тоқаев: Қазақстанда митингілер өткізуге рұқсат беріледі

Тоқаев: Қазақстанда митингілер өткізуге рұқсат беріледі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда азаматтарға шеруге шығуға рұқсат беретін заң қабылданатынын айтты.

ТоÒаев: ÒазаÒÑÑанда миÑингÑÐ»ÐµÑ Ó©ÑкÑзÑге ÑÒ±ÒÑÐ°Ñ Ð±ÐµÑÑледÑ

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Euronews басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Қазақстан президентінің сөзінше, елімізде санкцияланған митингілерді өткізуге рұқсат беретін заң қабылданады.

«Әрине, заңсыз жасалған әрекеттердің бәрі тоқтатылады. Бас прокуратура көшелерде мұндай митингілер өткізудің заңсыз екенін бірнеше рет ескертті. Себебі олар қатысқысы келмейтін адамдарға кедергі келтіреді. Сондықтан өз пікірін білдіру үшін шеруге шыққысы келетін адамдарға рұқсат беретін заң қабылданады. Ол бойынша, адамдар тиісті органдарға жүгініп, оларға жиналу және өз пікірін білдіру үшін арнайы орын белгіленеді», - дейді Тоқаев.

Айта кетсек, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы митингілерге қатысты пікір білдіріп, адамдардың кедейшіліктен көшеге шыққанын айтқан еді. 

17 маусым 2019 ж. 749 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 128

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930