» » Елордадағы көпбалалы аналарға Солтүстік Қазақстаннан баспана ұсынылып отыр

Елордадағы көпбалалы аналарға Солтүстік Қазақстаннан баспана ұсынылып отыр

Бұл жағдайда отбасында үш немесе одан көп бала болуы керек.


ÐлоÑдадаÒÑ ÐºÓ©Ð¿Ð±Ð°Ð»Ð°Ð»Ñ Ð°Ð½Ð°Ð»Ð°ÑÒа СолÑÒ¯ÑÑÑк ÒазаÒÑÑаннан баÑпана Ò±ÑÑнÑлÑп оÑÑÑ

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан әкімшілігінің тұрғын үй қоры "Еңбек" бағдарламасына қатысу үшін құжаттарды қабылдау басталғанын хабарлады, деп жазады Stan.kz. "Еңбек" бағдарламасында қайда үй ала алуға болады?

Астана қаласының кезекте тұрған тұрғындары Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданынан үй ала алады. Бұл - Ковыльный, Новоишимское, Шөптікөл, Пески және Разгульное ауылдары. Бұл туралы елордалық әкімшілігінің тұрғын үй қоры хабарлады.

Үйдің ауданы 70-90 шаршы метрді құрайды. Тұрғын үйді ай сайын жалға алу құны 7 000 - 9 000 теңге (18-23 доллар) болады. Бес жылдан кейін тұрғын үйді жекешелендіруге болады.

Бұдан басқа отбасылардың әрбір мүшесіне 88 375 теңге (230 АҚШ доллары) мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек төленеді.

Бағдарламаға кезекке тұру үшін Нұр-Сұлтандағы тұрғын үй қорына бару керек. Бұл жағдайда отбасында үш немесе одан көп бала болуы керек. Сондай-ақ, ата-аналардың бірінің кәсібі механик, электрик, құрылысшы, мал дәрігері, мал шаруашылығы, жүк көлігі жүргізушісі, металл жонушы, энергетик болу керек. Егер бағдарламаға қатысқысы келетіндердің мамандығы бұған сәйкес келмесе, онда оларға тегін оқу ұсынылады.

Құжаттарды қабылдау Астана қаласы, Р. Қошқарбаев даңғылы, 39 (Қошқарбаев-Жұмабаев ауданы, "Барыс" тұрғын үй кешені) мекен-жайы бойынша елорданың "Тұрғын үй қоры" мекемесінде жүзеге асырылады. Сондай-ақ, үй кезегінде тұрғандарына Павлодар облысының Екібастұз қаласынан баспана ұсынылады.

 
ERNUR.KZ
21 маусым 2019 ж. 491 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 049

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30