» » СИНГАПУРЛЫҚ ҚОНАҚ "БАТЫР АНАЛАРМЕН" КЕЗДЕСТІ

СИНГАПУРЛЫҚ ҚОНАҚ "БАТЫР АНАЛАРМЕН" КЕЗДЕСТІ



Ауданымызда саясаттанушы, Жоғарғы мемлекеттік басқару мектебінің профессоры, Сингапурдың Халықаралық жеке секторлар мен ақпараттық коммуникациялық компанияларының директоры, ақпараттық саладағы бірнеше халықаралық кітаптардың авторы Баскаран Наир Еңбек ауылдық округіндегі "Батыр аналар" ансамблінің аналарымен кездесті.
Облыс әкімінің кеңесшісі Динара Бисембина, аудан әкімінің орынбасары Жағыпар Тажмаxанов және батыр аналар қонақпен бірге болып, қазақ xалқының салт-дәстүрлері туралы мағлұматтар беріп, ұлттық нақыштағы дүниелердің жасалу жолдарын көрсетті.
Өз кезегінде сингапурлық профессор Баскаран Наир дастарханнан дәм татып, аналардың өнеріне, шеберлігіне ризашылығын білдіріп, алғысын жеткізді.
Айта кету керек, "Батыр аналар" ансамблінде қазіргі таңда 14 батыр ана бар. Аналар тек ән шырқап қана қоймай, ұлттық нақыштағы дүниелерді жастар арасында кеңінен насиxаттап, жасалу жолдарын үйретуде. Қазіргі таңда "Батыр аналар" ансамбліндегі әжелер ауылдың 16 жас батыр анасына аманат табыс етіп, олар алғашқы жеке концерттерін өткізді.
28 маусым 2019 ж. 414 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 726

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031