"ЖАЛАҒАШ АРУЫ - 2019" - ҚОҢЫРАТБАЙ АРУЖАН
Байқаудың финалдық кезеңіне арнайы кастингтен өткен 6 ару қатысып, 4 кезең бойынша өз өнерлерін көрсетті.
Байқаудың алғысөзін аудан әкімінің орынбасары Жағыпар Тажмаханов алып, байқауға қатысушы аруларға сәттілік тіледі.
- Ұлт болып ұйысуда, жұрт болып жұмылуда, халық болып қайрат танытуда қазақ қызының атқарар рөлі, алар орны ерекше. Өйткені, тал-бесікті тербеткен аналар ұлт ұрпағын тәрбиелейді,- дей келе, аудан жастарының ұйытқысымен екінші рет өткізіліп отырған байқауда рухани ұлттық құндылықтарымыз қайта жаңғырып, ұлттық бағытта өткізілетінін атап өтті.
Байқау нәтижесінде:
Бас жүлде - Қоңыратбай Аружан /Жалағаш кенті/
І орын - Ақтау Гүлжайна /Жалағаш кенті/
ІІ орын - Ермағанбет Айтолқын /Жалағаш кенті/
ІІІ орын - Қабылбек Ақбота /Жалағаш ауданы, Бұқарбай батыр ауылы/ иеленіп, арнайы дипломдармен марапатталды.
Сонымен қатар, қаракеткендік Қиланова Мөлдір "Сымбатты ару" номинациясымен, Еңбек ауылынан келген Айтбай Айсұлу "Инабатты ару" номинациясымен, жалағаштық Қоңыратбай Аружан "Көрермен көзайымы" номинациясымен, ал Ақтау Гүлжайна "Өнерлі ару" номинациясымен және демеушілердің арнайы сыйлықтарына ие болды.
Айта кету керек, «Жалағаш аруы-2019» байқауының жеңімпазы «Қолөнер» ұлттық нақыштағы орталығының арнайы дайындаған ауыспалы тәжімен және ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтармен марапатталды. Байқау жеңімпазына берілген тәж ауыспалы болып табылады.