» » » ҮЗДІКТЕР САРАЛАНДЫ

ҮЗДІКТЕР САРАЛАНДЫ

Жуырда Аққұм ауылындағы клуб үйінде «Үздік клуб – 2018» облыстық байқауының қорытынды шарасы өтті. Бұл мәдени байқаудың Аққұмда өтуінің өзіндік себебі бар. Өйткені, былтыр бұл ауылдағы өнерпаздар «Үздік клуб – 2017» облыстық байқауының жеңімпазы атанған болатын.ÐоÑожее изобÑажение
Шараның ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Жағыпар Тажмаханов жылы лебіз білдіріп, байқауға қатысушыларға сәттілік тіледі.
Аталған байқауға биылғы жылы облыс көлемінде 40 мәдениет мекемесі қатысты. Олардың арасынан іріктелген 9 мәдениет үйі мен клубтар ақтық сайыста өз өнерлерін ортаға салды.
Байқау қорытындысымен Жаңақорған ауданындағы Бесарық ауылдық клубы бас жүлдені қанжығасына байлады. Жүлделі І орынды Тасбөгет кентінің С.Майқанова атындағы мәдениет үйі алса, ІІ орынды Шиелі ауданының Төңкеріс ауылдық клубы мен Сырдария ауданы, Айдарлы ауылдық клубы өзара бөлісті. Ал, ІІІ орынды Жалағаш ауданы, Аққошқар ауылдық мәдениет үйі және Шиелі ауданы, Ы.Жақаев ауылдық мәдениет үйі иеленді.
М.АХМЕТОВ,
сурет автордікі.
08 желтоқсан 2018 ж. 1 449 0