«ҮЗДІК КЛУБ-2018» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Астана қаласының 20 жылдығына орай жыл көлемінде өткізілген «Үздік клуб-2018» облыстық байқауының қорытынды шарасы «Үздік клуб-2017» облыстық байқауында жеңімпаз атанған Аққұм ауылдық клубында өтті. Шараны Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары Тажмаханов Жағыпар ашып, байқауға қатысушыларға сәттілік тіледі.
Ауылдық, аудандық, қалалық мәдениет мекемелерін қолдау мен дамытудың біртұтас жобасын жасау, клуб жұмысын цифрландыру жүйесіне енгізу, клуб мекемелерінің қазіргі заман талабына сай жабдықталуы мен безендірілуін дамыту, жаңа заманауи мәдени шаралар ұйымдастыру, мәдениет мекемелерінің әлеуметтік қуатын арттыру, мәдениет мекемелеріндегі белсенді шығармашылықпен айналысатын қызметкерлерді анықтап, оларды дәріптеу және мадақтау мақсатындағы байқауға биылғы жылы облыс көлемінде 40 мәдениет мекемелері қатыстырылды. Олардың арасынан іріктелген 9 мәдениет үйі және клуб мекемелері ақтық сайыста өз өнерлерін ортаға салды.
Байқау қорытындысымен бас жүлдені Жаңақорған ауданы Бесарық ауылдық клубы иеленді. І орынды Тасбөгет кентінің С.Майқанова атындағы мәдениет үйі, ІІ орынды Шиелі ауданы Төңкеріс ауылдық клубы және Сырдария ауданы Айдарлы ауылдық клубы өзара бөлісті. Ал жүлделі ІІІ орын Жалағаш ауданы Аққошқар ауылдық мәдениет үйі және Шиелі ауданы Ы.Жақаев ауылдық мәдениет үйі иеленді.
Пікір 2