» » ТАЛАНТТАР ТАЛАБЫн байқау таразылады

ТАЛАНТТАР ТАЛАБЫн байқау таразылады

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында Астананың 20 жылдығы мен Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойларына орай ұлағатты ұстаз, жергілікті сазгер, дирижёр Жұма Данилов атындағы «Сағыныш» атты облыстық ән байқауы өтті. Алдымен өнер иесінің өмір жолына тоқталған аудан әкімінің орынбасары Жағыпар Тажмаханов Жалағаш жерінен талай танымал тұлғалардың шыққанын жеткізді.
– Жалағаш топырағы қашан да өзінің талантты ұлдарымен, елге танымал азаматтарымен мақтанады. Осындай айтулы тұлғалардың бел ортасында болған аудан тарихында өзіндік үлесі бар, білім мен мәдениет саласының көрнекті өкілі, өнерімен ел құрметіне бөленген біртуар тұлға, парасаты мол азамат Жұма ­Данилов ағамыздың аты халықтың жадында мәңгілік қалады деп есептеймін, – деді аудан әкімінің орынбасары.
Шара аясында сазгер, ұстаз, музыкант Жұма Даниловтың өмір жолынан сыр шертетін "Сағымға айналған сағыныш" кітабының тұсауы кесілді. Сондай-ақ, танымал тұлға жайындағы тың туындының алғашқы мұқабалары аудандық кітапханаға табысталды.
ҚР Мәдениет қайраткері, Жалағаш ауданының «Құрметті азаматы», жыршы-термеші Жұмабек Аққұлов, сазгердің жұбайы Асылтас Қайырденова, облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының бөлім меңгерушісі Әлия Иманалиева байқауға қазылық етті.
Сегіз өнерпаз бақ сынаған шарада қызылордалық Жарасхан Төлебай бас жүлдені иеленді. Ал, аралдық Сабыржан Көлбаев І орынға қол жеткізсе, сырдариялық Нұрбол Тұранов ІІ орыннан бой көрсетті. Сондай-ақ, аудан намысын қорғаған Арайлым Қуаныш пен сырдариялық Ботагөз Болатбек үздік үштікті түйіндеді. Жеңімпаздар мен қатысушыларға арнайы дипломдар және бағалы сыйлықтар табыс етілді.

«ЖЖ» ақпарат.
30 қазан 2018 ж. 1 185 1

Lesbomb от 16 маусым 2019 00:44
Prix Cialis 20 buy cialis online Viagra Chewing Gum Priligy Really Work Propecia Cost Availability