» » ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ФОРУМЫ ӨТТІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ФОРУМЫ ӨТТІ


Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті мен Палатаның ұйымдастыруымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ІІ облыстық кәсіпкерлер форумы өтті.

Шараға мүдделі мемлекеттік орган өкілдері мен аймақ кәсіпкерлері қатысып, кәсіпкерлердің қызметіне қолайлы жағдай жасау, сыбайлас жемқорлықты және әкімшілік кедергілерді болдырмау жолдары талқыланды.
  Форумда Кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Ғалым Едігеев «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өзара әріптестік негізде жүйелі жұмыс жасап жатқандығын айтып, қос тарап ынтымақтастық туралы Келісімді жүзеге асыру бойынша Жол картасын қабылдағандығын жеткізді.
  Ал Департамент басшысының орынбасары Берікбол Байхожаев хабарламасында: «Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті Кәсіпкерлер палатасымен бірге ветеринария және мемлекеттік кірістер органдарының қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша талдау жұмыстарын жүргізген болатын. Жүргізілген таладу салық заңнамасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар екендігін анықтаған. Мәселен, Салық кодексіне сәйкес есептік құжаттама салық салу объектісін анықтау үшін нақты құжаттар тізбесі белгіленбеген. Осыдан тексеруші тұлға сұралатын құжат түрлері мен санын өзі анықтауға мүмкіндік беріліп отыр.     Осындай мысал, салық берешегіне байланысты мүлікке иелік етуге қатысты мәселеге де қатысты бар. Салық кодексінде салық органдары құзырлы мемлекеттік органдарға қарызы бар салық төлеушінің меншігінде мүліктің бар/жоғын растау туралы сұрау жолдайтыны белгіленген. Салық заңнамасымен нақты қандай мемлекеттік органдарға сұрау салу қажеттілігі көрсетілмеген. Осы жайттың өзі-ақ құқыққа қайшы әрекет жасау мүмкіндігі басым екендігі көрініп тұр», - деді.
  Жиында кәсіпкерлер тарапынан балабақшаларға, құрылысқа, сот органдарына, мемлекеттік сатып алуға қатысты мәселелер қозғалды. Нәтижесінде құзырлы мемлекеттік орган басшылары көтерілген әр мәселені жеке бақылауларына алатын болып, кәсіпкерлерді жеке қабылдауларына шақырды.







Қызылорда облысы
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

26 наурыз 2018 ж. 21 547 865

best online drugstore от 11 наурыз 2022 17:27

legal online pharmacies от 15 наурыз 2022 01:23

canadian pharmacies top best от 15 наурыз 2022 19:49

get canadian drugs от 15 наурыз 2022 22:36

discount canadian pharmacy от 19 наурыз 2022 15:21

canadian pharmacy no prescription от 19 наурыз 2022 19:47

trust pharmacy canada от 28 наурыз 2022 19:08

india online pharmacy от 29 наурыз 2022 01:41

best online pharmacies canada от 3 сәуір 2022 13:16

my mexican drugstore от 4 сәуір 2022 03:24

best pharmacy от 4 сәуір 2022 04:08

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930