Астанада Сыр өңірінің жәрмеңкесі өтеді
Алдағы сенбі-жексенбіде, яғни 6-7 қазан күндері Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай ел ордасында Қызылорда облысы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.
Жәрмеңкеде Қызылорда қаласы мен 7 ауданнан 380 тоннаға жуық өнім ұсынылады. Оның ішінде күріш – 90 тонна, жылқы, сиыр, қой еті – 15 тонна, сүт өнімдері – 6 тонна, ара балы, балық - 15 тонна, көкөніс, қияр, қызанақ – 50 тонна, құлпынай, алма, алмұрт, өрік – 4 тонна, сөк, талқан, ас тұзы – 1 тонна, бақша дақылдары (қауын, қарбыз, асқабақ) – 120 тонна және тағы басқа.
http://www.syrboyi.kz
Пікір 9 536