» » Қазалыда жергілікті тұрғынды 7 адам жабылып соққыға жықты

Қазалыда жергілікті тұрғынды 7 адам жабылып соққыға жықты



Қызылорда облысы Қазалы ауданының орталығы - Әйтеке би кентінде 39 жастағы жергілікті тұрғынды 7 адам ұрып-соғып, оның көлігіне елеулі зиян келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл оқиға кешкісін болған. Бір топ бұзақы  көлікпен келе жатқан 39 жастағы азаматты  тоқтатып, оны ұрып-соғып кеткен. Көлік терезесін сындырған. Тәртіп сақшылары жедел іс-шаралар жүргізді. Нәтижесінде аталған дерек бойынша 7 күдікті  анықталды. Олар 21-27 жас аралығында.

«Қазіргі таңда сараптамалар тағайындалды, оқиғаның мән-жайы анықталуда. Бұзақылық фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 2-бөлігімен  (бұзақылық) сотқа дейінгі тергеп тексеру жүргізілуде», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

12 қыркүйек 2019 ж. 565 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 742

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930