Қызылорда облысында 700-ге жуық қой өртеніп кетті
Сондай-ақ күйіп қалған ұсақ малдар да бар.
ERNUR.KZ. Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында дала өрті салдарынан 700 бас ұсақ мал қырылды, деп жазады baq.kz.
"2020 жылғы 21 қазанда сағат 18.50-де Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Аққорған ауылдық округі Түгіскен ауылында (жақын жердегі 74-ӨСБ дейінгі арақашықтық) шамамен ауданы 30 гектар шабылған күріш алқабында құрғақ сабан жанған. Өрт 21 қазанда сағат 21.48-де толығымен сөндірілді.
Өртті сөндіруге ТЖД мен ерікті өрт сөндіру құралымдарынан 19 адам мен 5 бірлік техника жұмылдырылды", - деді ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли. Өрт салдарынан алдын ала болжам бойынша жеке шаруа қожалығына тиесілі жайылып жүрген 700-ге жуық қой өртеніп кеткен. Сондай-ақ күйіп қалған ұсақ малдар да бар. Олардың нақты саны анықталуда. Оқиға орнында арнайы құрылған комиссия жұмыс істеуде.
ernur.kz