» » Семейде той кортежінің жүргізушілері жазаланды

Семейде той кортежінің жүргізушілері жазаланды


Семейде жол ережесін өрескел бұзған той кортежіне қатысты іс сот қарауына жіберілді. Онда қуанышын ерекше атап өтпек болған жастар тіпті көліктеріне полиция мен төтенше жағдай қызметінің техникаларына тиесілі дыбыстық жүйені де орнатып алыпты. Осылайша тізбектелген көліктер қаланың қақ ортасында артпен де жүріп, басқа автокөліктердің қозғалысына кедергі келтірді. Бұл туралы КТК хабарлады.

Ал осы үйлену тойының кортежін басып озбақ болған басқа жүргізушілерге еш мүмкіндік бермеген. Бұл аздай, жастар көліктерінің терезелерін қараңғылап, қарсы бағытта теңселе жүріп отырды. Тіпті, дөңгелектерін түтіндетіп дарақылық жасаған. Полиция ережені ескермей есірген жастарды анықтады. Сөйтіп, үш жүргізушіге бірнеше бап бойынша әкімшілік хаттама толтырылған. Енді сот оларды жүргізуші куәлігінен айыруы мүмкін.


http://stan.kz
11 сәуір 2018 ж. 766 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 275

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031