Сұлу қыз туралы өсиет әңгіме
Айдай сұлу бір ару көше бойымен кетіп бара жатады. Бір кезде бейтаныс жігіттің соңынан еріп келе жатқанын байқайды. Сол кезде артына бұрылып, жігіттен сұрайды: - Жігітім, сен мені неге аңдып келе жатырсың? Сонда жігіт: - О, жүрегімнің патшасы, сенің сұлулығың мені өзіне ғашық етті. Соңыңнан еруге мәжбүрледі. Жұрт мені сыбызғыда ойнап, махаббат туралы жүректі тербейтін жыр оқып, бойжеткендердің жүрегін жаулайтындығымды жарыса айтады. Ал мен саған сөз салғым келіп тұр, - деді. Ару қыз оған аз уақыт қарап тұрып: - Сен маған қалайша ғашық болдың? Жасы кіші сіңілім менен әлдеқайда әдемі әрі тартымды. Ол менің соңымнан келе жатыр, жүзіне бір қарашы, - дейді. Жігіт сәл кідіріп, артына қарайды. Сол сәтте кәрі кемпірді көреді. Артынша қашып бара жатқан аруды қуып жетуге талпынады. Оны қуып жеткен соң көзін төмен түсіріп: - Сен маған қалайша өтірік айттың? - деп сұрайды. Ару жымиып тұрып: - Досым, сен де ант-су ішіп жатқан кезде маған шындықты айтпадың. Бар болғаны махаббаттың заңдылықтарын жақсы біліп алғансың. Осы қасиетіңді өз керегіңе жаратқың келді. Өзге бойжеткенге қалайша бұрылып қарауға дәтің барды? - деп кетіп қалады. Жігіттердің, тек сыртқа сұлулыққа ғашық болатыны рас па?
Реніш туралы өсиет әңгіме
Жақсылық пен жамандық туралы өсиет әңгіме
Уақытты үнемдеу туралы өсиет әңгіме
Қиындықты жеңу туралы өсиет әңгіме
Massaget.kz
Реніш туралы өсиет әңгіме
Жақсылық пен жамандық туралы өсиет әңгіме
Уақытты үнемдеу туралы өсиет әңгіме
Қиындықты жеңу туралы өсиет әңгіме
Massaget.kz