» » Ақтөбедегі жағажайда топырақ басып қалған балалардың бірі аурухананың жан сақтау бөліміне түскен

Ақтөбедегі жағажайда топырақ басып қалған балалардың бірі аурухананың жан сақтау бөліміне түскен


Ақтөбеде жеке меншік жағажайда топырақ басып қалған екі баланың бірі аурухананың жан сақтау бөлімінде ауыр жағдайда жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Stan.kz.

«Кеше сағат 20:15-те бізге жағажайда топырақтың астында қалып қалған екі баланы алып келді. Екі жасар баланың терісі сыдырылып, жараланған. Механикалық зақым алмаған. Ол емханада емделуге жіберілді. Ал 10 айлық бала ауыр жарақат алған. Оның аяқ-қолы сынып, ішкі ағзалары зақымдалған», – дейді Ақтөбедегі медициналық орталықтың балалар стационарының медициналық директоры Сағидолла Досмағамбетов.
Көптеген жарақат салдарынан сәби шок жағдайында болған.
«Біз оны жан сақтау бөліміне жатқызып, шокқа қарсы терапия жүргіздік. Қазіргі уақытта сәбидің жағдайы тұрақты ауыр», – дейді Сағидолла Досмағамбетов.
Естеріңізге сала кетсек, Ақтөбе қаласында жағажайда демалып жүрген балаларды топырақ үйіндісі басып қалған еді. Оқиғаға куәгерлері 2017 және 2016 жылы туған екі қызды құтқарып қалды. Олар түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.



Stan.kz 
23 шілде 2018 ж. 847 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930