» » Германия әуежайында қалтасы еуроға толы қазақстандық азамат ұсталды

Германия әуежайында қалтасы еуроға толы қазақстандық азамат ұсталды

ÐеÑÐ¼Ð°Ð½Ð¸Ñ ÓÑежайÑнда ÒалÑаÑÑ ÐµÑÑоÒа ÑÐ¾Ð»Ñ ÒазаÒÑÑандÑÒ Ð°Ð·Ð°Ð¼Ð°Ñ Ò±ÑÑалдÑ

Ганновер (Германия) әуежайында төлқұжат тексерушілер 43 жастағы Қазақстан азаматының қалтасынан 50 мың еуро тауып алды. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі nrz.de басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ақша тәркіленген жоқ, ал жерлесімізге үлкен көлемде айыппұл салынуы мүмкін.
Кеден қызметі қалтасынан номиналы 500 еуродан бірнеше бума табылған азаматтың үстінен тергеу жүргізу керектігі жайлы ұсыныс жазды. Ал қазақстандық азамат жазбаша түрде түсініктеме жазғаннан кейін, рейске жіберілген.
Ганновер бас кеден қызметінің баспасөз қызметі, қазақстандық азаматқа үлкен көлемде айыппұл салынатынын мәлімдеді.
Айта кетейік, 15 маусымнан бастап Еуроодақта қолма-қол ақша мен құнды заттарды мағлұмдаудың жаңа ережелері күшіне енді. Оған сәйкес, 10 мың еуродан аса ақшасы барлар оның қайдан келгенін түсіндіруі қажет. Бұл әрекет терроризмді қаржыландыру мен ақша ұрлығын алдын алу үшін қолданылып отыр. Ереже бұзғандар 1 миллион еуроға дейін айыппұл төлейді.

Stan.kz

06 қыркүйек 2018 ж. 944 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 707

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031