» » Роналдудың трансфердегі бағасы анықталды

Роналдудың трансфердегі бағасы анықталды


 Мадридтiк «Реал» басшылығы шабуылшы Кришитану Роналдуды сатқан жағдайда алғысы келетiн соманы жариялады, деп хабарлайды Вaq.kzақпарат агенттігі El Mundo басылымына сілтеме жасап.
Басылым мәлiметiнше, клуб футболшымен 200 млн еуроға қоштасуға дайын. Және де команданың жаңа келiсiмшартқа қатысты ұстанымы өзгерiссiз қалады. Яғни, 2021 жылға дейiн күшiнде болатын қазiргi келiсiм қайта қаралмайды. Роналду келiсiмшартында өтемақы сомасы бiр миллиард еуроны құрайды делiнген.
2 маусымда Corriere dello Sport Роналду жылына 80 млн еуро алатын болса, испаниялық клубта қалуға дайын екенiн хабарлаған болатын.
Айта кетссек, Португалиялық спортшы «Реалдың» Чемпиондар лигасының финалындағы жеңiсiнен кейiн команда ауыстыратынын айтқан едi.
«Болашақ жайлы кешiрек сөйлесемiз. Маған «Реал» үшiн ойнау үлкен мәртебе, ал жауабын алдағы күндерi беремiн», - деген болатын 33 жастағы шабуылшы.
Португалиялық футболшы мадридтік клуб үшiн 2009 жылдан бастап ойнап келедi. 2018 жылы оның жалақысы жылына 21 миллион еуроны құрады. Дегенмен, Францияның «Пари Сен-Жермен» клубы Роналдуға 45 миллион еуро төлеуге дайын.
24 маусым 2018 ж. 731 0