» » Неймар үшін Роналдуды сата ма?

Неймар үшін Роналдуды сата ма?


Корольдік клуб, егер бразилиялық шабуылшыны қаржылай жағынан көндіре алмаса, Криштиану Роналдуды келісімшарттың ішіне қоюға дайын екендіктерін хабарлады. Трансфер 2018 жылғы әлем чемпионатынан кейін шешілмек.
12 қаңтарда бразилиялық ойыншыны «Реалдықтар» ПСЖ-дан сатып алу туралы ниеттерін білдірген. Шабуылшының жалпы құны 400 миллион еуро болуы тиіс еді.
Ағылшындық «Манчестер Юнайтед» командасы да ПСЖ клубының шабуылшысына қызығушылықтарын танытып отыр. Аталған екі команда да жарты миллиард еуроға дейін ақша сомасын көтеруге дайын екендіктерін білдірді.
Айта кетейік, 2017 жылдың жаз маусымында Неймар «Барселонадан» ПСЖ-ға 222 миллион еуроға ауысып, трансфер бағанында рекорд жасады. Сонымен қатар, спортшы Париж клубына ауыспас бұрын алдын ала мынадай міндеттемелерді айтып қойған. Олар:
- команданың жаттығу кезінде оған қарсы дөрекі ойнауға тыйым салынады;
- қорғаныс тактикасы атты жаттығуларына қатыспау деген міндеттемелер.
15 қаңтар 2018 ж. 1 108 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 254

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031