Таиландта су тасқыны салдарынан 58 мың адам зардап шекті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Таиландта толассыз жауған жаңбыр салдарынан су тасқыны болып, 58 мыңнан астам адам зардап шеккен, деп xабарлайды ҚазАқпарат.
Жексенбі күні Bangkok Post газетінің жазуынша, табиғи апат корольдіктің түрлі бөлігіндегі сегіз провинцияда болған. Басылымның ақпараты бойынша, су тасқынынан елдің 26 ауданында орналасқан 16 468 үйдегі 58 276 адам зардап шеккен. Бунгкан провинциясында 6,6 мың гектар ауылшаруашылық жері су астында қалған. Бұдан бөлек, Накхонпханом, Сакон Накхон, Накхоннайок, Прачинбури, Чачоенгсао, Пхетчабури и Сатун провинцияларының кейбір бөліктерін су басқан. Жергілікті билік корольдіктің қатты зардап шеккен аудандарында су айдауды жалғастыруда.

Пікір 2