Назарбаевтың рұқсатынсыз шешім қабылдауға болмайтын жарлық күшіне енді
Қасым-Жомарт Тоқаев экс-президенттің рұқсатынсыз шешім қабылдай алмайды. Себебі, 9-қазан күні президент Қ.Тоқаев қол қойған №184 жарлық күшіне енді. Бұл туралы online.zakon.kz мәлімдейді.
Жарлыққа сәйкес, күштік құрылым басшылары, әкімдер мен министрлер, басқа да мемлекеттік лауазым иелерін тағайындау тек Назарбаев төрағалық ететін қауіпсіздік кеңесінің рұқсатымен ғана жүзеге асады.
Қаулы бойынша, енді Бас Прокурор, Ұлттық Қауіпсіздік комитеті, министрлер мен әкімдер, Қорғаныс министрі мен Ішкі істер министрі енді Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Назарбаевтың кеңесімен ғана тағайындалатын болады.
Одан бөлек, облыс әкімдері мен ірі қала әкімдері, Президентке қарайтын басқа да мемлекеттік органдардың басшылары да дәл осы жүйемен тағайындалады.
abai.kz