Назарбаев Қауіпсіздік Кеңесінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөліміне басшы тағайындады
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімімен ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс басқармасының басшысы тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл қызметке бұған дейін елдің қорғаныс министрінің орынбасары қызметін атқарған Талғат Мұхтаров келді. Оның 7 баласы бар.
Ол 1966 жылы дүниеге келген Теміртау қаласының тумасы. Елдің қауіпсіздік кеңесінің жаңа басшысы Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Бұдан бөлек, әскери прокуратурада, Мемлекеттік тергеу комитетінде, Ұлттық қауіпсіздік комитетінде қызмет атқарған.
2011 жылдың қыркүйек айында Қорғаныс министрлігіне жіберіліп, министрліктің кадрлар бөлімінің бастышы лауазымына тағайындалған болатын.
Кейіннен 2014 жылы президенттің жарлығымен қорғаныс вице-министрі болып бекітілді. Бүгінде жауапты қызметке тағайындағал Мұхтаров 15 ведомстволық және мерейтойлық медальдармен марапатталған.
Stan.kz