» » Тоқаев: шетелдіктерді Қазақстандағы жұмысқа алу бойынша талап күшейеді

Тоқаев: шетелдіктерді Қазақстандағы жұмысқа алу бойынша талап күшейеді

Қасым-Жомарт Тоқаев еңбек және көші-қон заңнамасын сақтау үшін шетелдіктерді жұмысқа қабылдайтын компанияларды тексеру барысында анықталған заң бұзушылықтар туралы айтты. Бұл туралы президент қоғамдық сенім Ұлттық кеңесінің отырысында мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тоқаев бұған дейін қазақстандықтарды шетелдік жұмыс берушілер тарапынан кемсітушілікке жол бермеу туралы айтқанын еске алды.

Ол шетелдіктер жұмыс істейтін Қазақстандағы кәсіпорындарда еңбек және көші-қон заңдарының сақталуын тексеруді тапсырған еді.

Президент осы тексерістердің нәтижесі туралы айтты.

«Осы уақыт аралығында 95 компания тексеріліп, 930 заң бұзушылық анықталды. Олардың ішінде елеулі бөлігі шетелдік қызметкерлердің берілген рұқсатқа сай емес жұмыстарды орындауы және қазіргі қызметі мен алған білімі сәйкес келмеуі екендігі белгілі болды», - деді мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, жағдайды талдау негізінде құзырлы органдардың тексерістері және Қоғамдық сенім Ұлттық кеңесі мүшелерінің, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұсыныстарын ескере отырып, бірқатар өзгерістер дайындалды.

Олардың ішінде шетелдіктерді Қазақстанда жұмыс істеуге тартуға арналған квоталар санының қысқаруы туралы айтылды. 2020 жылы бұл квоталар 40%-ға қысқарады - 2015 жылғы 49 мың адамнан 2020 жылы 29 мың адамға дейін.

«250-ден астам қызметкері бар, 30-дан астам шетелдік жұмыс күшін тартатын барлық кәсіпорындар тұрақты тексерулерден өтеді.Енді Еңбек министрлігі кез-келген заң бұзушылықтарға, оның ішінде жалақының, әлеуметтік жағдайдың теңсіздігіне және проблемалардың жинақталуына жол бермей, тез жауап береді.Үшіншіден, шетелдік жұмыс күшіне квота белгілеу ережелері мен рұқсат беру ережелері қайта қаралды », - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, жұмысшылар құрамындағы шетелдік кадрлар саны да қысқарады.
Естеріңізге сала кетсек, бүгін Нұр-Сұлтанда мемлекет басшысының қатысуымен Қоғамдық сенім Ұлттық кеңесінің отырысы өтіп жатқаны туралы хабарланды.
Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде көптеген мәселелерді қозғап, оларды шешу жолдарына тоқталды.
Президент Үкімет пен Ұлттық банкке тұрғын үй мен автокөлік құралдарын алғашқы сату кезінде қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды енгізуді қамтамасыз ететін заңнамалық түзетулер пакетін дайындауды тапсырды.
Сонымен қатар, мемлекеттік тіл - қазақ тілін реформалау қажеттілігі туралы айтты.

kaz.nur.kz
20 желтоқсан 2019 ж. 495 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 760

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930