» » Қ. Тоқаев Индонезияға сапармен барады

Қ. Тоқаев Индонезияға сапармен барады

2018 жылғы 12-14 наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Индонезияда сапарда болады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Баспасөз қызметі хабарлады.Қ. Тоқаевтың ел Президенті Джоко Видодомен кездесуі сапардың басты оқиғасы болады. Сенат Төрағасы Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Индонезия басшысына Қазақстанға ресми сапармен келуге шақыруын жеткізіп, Әлем және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI съезіне қатысуға шақыруды табыс етеді. Қазақстан Сенатының Төрағасы мен Индонезия Халық кеңесшілері конгресінің басшымен кездесуде парламентаралық байланыстарды нығайтудың келешегі әңгіме өзегіне айналады. Келіссөздер барысында саяси және экономикалық екіжақты ынтымақтастық мәселелерін де талқылау көзделіп отыр.
11 наурыз 2018 ж. 1 416 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 004

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031