» » САЯСИ НАУҚАННЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

САЯСИ НАУҚАННЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ТҮСІНДІРІЛДІ


Дүниежүзілік сайлау күнін 2005 жылы Еуропа елдерінің сайлауды ұйымдастырушылары ассоциациясының бастамасы бойынша халықаралық қауымдастық ақпанның бірінші бейсенбісінде атап өтеді. Бүкіләлемдік сайлау күнін белгілеудің мақсаты – сайлау құқығын шынайы кең мағынада жетілдіру оның мәселесіне адамдардың назарын аудару. Ақпанның алғашқы бейсенбісінде Жалағаш аудандық сайлау комиссиясы аудандық мәслихат депутаттары, сайлау комиссияларының мүшелерімен, жастармен кездесу өткізіп, әрбір саяси науқанның мән-маңызын түсіндірді. Сондай-ақ сайлаудың жүргізілу тәртібіне соңғы жылдары енгізілген өзгерістер де қатысушылар пікіріне арқау болды.

Кездесуде  аудандық сайлау комиссиясының төрағасы С.Алиев қатысушыларға сайлаудың мәні, қалыптасу тарихы, негізгі қағидаттары, сайлаушылар ретінде олардың қандай құқықтары бар екені және оларды қалай іске асыра алатындығы жайлы түсініктеме берді. Аудандық мәслихаттың жас депутаты А.Кенжебаев, Н.Серәлі өздерінің сайлауға қатысу тәжірбиелерімен бөлісті, саяси науқандарда қолданған сайлау технологиялары жайлы баяндады. Кездесу барысында қатысушылар сайлауды ұйымдастыру және өткізу жайлы пікір алмасып, өз ойларын ортаға салды.

Н.Серәлінің сөзінше, сайлаушылардың түр-түрі бар. Бірі бұл науқанда әрбір дауыс маңызды рөл атқаратынын біліп, саяси науқанда белсінділік танытса, енді бірі «Бізсіз де бұл науқан өтер» деген түсінікте болады. Алайда саяси науқанға мұндай жүрдім-бардым қарау түсінігі неден қалыптасады? Осы сауалдың жауабына терең үңілген жөн секілді. Рас, сайлауда әрбір дауыс иесінің қабылдаған шешімі маңызды рөл атқарады. Өкініштісі, бұл пікірде барлық сайлаушының көзқарасы тоғыса бермейді. 

Ж.ЖАЗКЕН
03 ақпан 2022 ж. 3 037 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 760

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930