» » САЯСИ НАУҚАНҒА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

САЯСИ НАУҚАНҒА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Алдағы саяси науқанның басталуына да аз уақыт қалды. Жалағашта депутаттарды сайлауды ұйымдастыру қарқынды жүруде. Бүгін аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Садық Алиев бастаған топ Мәдениет ауылында болып, елді мекендердегі сайлау учаскелерінің төрағаларымен жүздесті.

Саяси науқанның заңға сай жүргізілу тәртібі түсіндірілген келелі кездесуде Садық Алиев барынша алдағы сайлаудың әділ әрі жүйелі түрде өтуіне бірінші кезекте сайлау учаскелерінің төрағалары жауапты екенін ескертті. Ал аудандық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Асия Мәдиева алдағы сайлаудың заңға сай қалай өту керектігін кеңінен тарқатты.
Жиында ауданның бас санитары Оразғали Аханов бұл саяси науқанның да індетті дендетпеу үшін барлық санитарлық талапқа сай ұйымдастырылу қажеттігін ескертті. Яғни сайлаушылардан бірінші кезекте бетперде талап етіледі және олар сайлау учаскелеріне кірген бойда дене қызуының температурасы өлшенеді.
Кездесуді қорытындылаған аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Садық Алиев барлық әріптестеріне алдағы науқанда сәттілік тілеп, сайлауда әділ әрі басым дауыспен жеңіске жеткендер халық қалаулысы болатынына сенім білдірді.

К.ҚАЙРАҚБАЕВ  
 
04 қаңтар 2021 ж. 489 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 127

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930