» » САҒЫНТАЕВ АГРОКООПЕРАЦИЯНЫ ДАМЫТУ ШАРАЛАРЫН ПЫСЫҚТАУДЫ ТАПСЫРДЫ

САҒЫНТАЕВ АГРОКООПЕРАЦИЯНЫ ДАМЫТУ ШАРАЛАРЫН ПЫСЫҚТАУДЫ ТАПСЫРДЫ


Ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту бағдарламасын егжей-тегжейлі пысықтау қажет. Бұл туралы бүгін аталған кооперацияны талқылауға арналған Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
       «Әкімдер кооперативтерді құрудың негізінде еңбек өнімділігі былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда өскенін айтып отыр. Дегенмен, Өмірзақ Естайұлы (Үкімет басшысының орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі-авт.), мысалы кооперативтерді құрғанға дейінгі уақытта облыстарда қанша өнім болғанын, коооперативтер құрылғаннан кейін өнім қанша өскенін қарастыру қажет. Жалпы облыста еттен, сүттен басқа да өнімдерден қандай өзгеріс бар? Қанша жұмыс орны құрылды? Ет мынадай көлемге өсті деп қана қоймай, оның мультипликативтік жағын да қарастыру қажет», - деді Премьер-Министр.
       Сонымен қатар ол кооперациялардың арқасында өңірде өндірілген ет, сүт сол облыс нарығына қандай өзгеріс енгізгенін, бағаға, сұранысқа қалай әсер еткендігін қарастыру қажеттігін ескертті. «Сол себептен бүгінгі талқылауды ескере отырып, Ауыл шаруашылығы министрлігіне мүддделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Ауыл шаруашылығын кешенді дамыту бағдарламасын түзету аясында агрокооперацияны дамыту шараларын егжей-тегжейлі пысықтауды тапсырамын.
       Бұл шаралар ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін, ауылдағы жұмыспен қамту деңгейін арттырып, нәтижесінде ауыл шаруашылығы өнімдері экспортын одан ары ұлғайтуына мүмкіндік беруі тиіс. Өмірзақ Естайұлы, үйлестру жұмысы өзіңізде», - деді Бақытжан Сағынтаев Өмірзақ Шөкеевке қарата айтқан сөзінде.


https://kyzylorda-news.kz
29 мамыр 2018 ж. 830 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930