Елбасы елорданы “Астана” деп атау идеясының қалай туындағанын айтты
Нұрсұлтан Назарбаев елорданы Астана деп атау идеясы қалай туындағанын айтып берді. Мемлекет басшысының айтуынша, мұндай ой оған түнгі сағат 2-де келген. Астана күні қарсаңында “Казахстанская правда” газетіне берген сұхбатында президент елорданың климатына деген көзқарасы жайлы да айта кетті, деп жазады Stan.kz ақпаратттық агенттігінің тілшісі.
Ел президенті Көкшетаудан Астанаға пойызбен барған күнін еске алды. Айтуынша, сол күні боран салдарынан әуе жолы 24 сағатқа дейін ашылмаған.
“Бұл жердің климаты керемет деп айта алмаймыз, әрине. Бірақ Отанның жаман жері болушы ма еді? Туған жердің түтіні де тәтті деп бекер айтылмаған ғой”, – деді елбасы.
Бұдан өзге, Нұрсұлтан Әбішұлы елорданы Астана деп атау идеясы ойына түнгі сағат 2-де келгенін айтты.
“Бұл жерде бар мәселе, кей адамдар ойлағандай, Ақмола атауынан құтылуда болған жоқ. Кезінде Ақмоланың орыс тіліне аударғандағы мағынасын Хрущевқа жағымпаздар түсіндіріп берген”, – деп түсіндірді елбасы.
Президент қазақ тілінде “ақ” сөзінің адалдықпен, тазалықпен байланысты екенін ал, мұсылмандардың адам жерлейтін жерге, яғни “молаға” ерекше құрметпен қарайтынын атап өтті. Сондай-ақ, елбасы Астана атауының құлаққа жағымды естілетініне сенімді.
http://stan.kz