» » Арыстанбек Мұхамедиұлы: Біз Назарбаевтың президент болғанын қалаймыз

Арыстанбек Мұхамедиұлы: Біз Назарбаевтың президент болғанын қалаймыз


Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікіріне қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Sputnik.

«Біз шетелде халықаралық конференциялар өткізгенде бәрі «бізде де осындай адам президент болса» деп жатады. Тіпті қазіргі президенттердің өзі  «бұрынғы басшымыз Назарбаевтай болғанда, елімізді гүлдендіре алар едік» деп отырады. Бұл біз үшін үлкен бақыт. Нұрсұлтан Назарбаевтай басшымыз бар біз бақыттымыз», – дейді Мұхамедиұлы.
Министр сөзін аяқтамай жатып залдағылар қол шапалақтап, қошемет білдірді.
«Әрине, біз Қазақстанды Назарбаевтың басқарғанын қалаймыз. Назарбаевтың басқаруындағы ел үлкен жетістікке жетеді. Залдағылар да мені қолдайды деп ойлаймын. Бұл менің ойым», – дейді министр.
Бұған дейін ҚР парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылы болатын президент сайлауына Нұрсұлтан Назарбаев қатыспайды деп ойлайтынын айтқан еді.



http://stan.kz
22 маусым 2018 ж. 911 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 656

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31