» » Назарбаев АҚШ тарапымен 7 миллиард доллардың келісімін жасасты

Назарбаев АҚШ тарапымен 7 миллиард доллардың келісімін жасасты



Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-қа ресми сапары аясында осы елдің бизнес жетекшілерімен кездесті, деп 
Qamshy.kz ақпарат агенттігі Азаттыққа сілтеп жазады. 
Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, сапар аясында инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастыққа қатысты 7 миллиард доллардың 20-дан астам коммерциялық құжатына қол қойылған. Бұл қаржы авиация және ғарыштық зерттеулер, мұнай химиясы мен ауыл шаруашылығы және инфра құрылымды дамыту салаларындағы жобаларды іске асыруға бөлінбек.
Сонымен қатар үкіметаралық үш келісім жасалған. Олар – Мемлекеттік әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсеткені үшін ақы алмау туралы келісім, Қазақстан территориясы арқылы коммерциялық теміржол транзитін қамтамасыз ету келісімге хаттама және Халықаралық салық дисциплинасын жетілдіру туралы келісім.
Ресми мәлімет бойынша, кездесуде Назарбаев сапар барысында қабылданған екі жақты қарым-қатынасты тұтастай қамтитын кеңейтілген стратегиялық әріптестік туралы бірлескен мәлімдеменің ерекше мәні барын айтты. Ол Қазақстанда мемлекеттің бизнес жүргізуге жағдай жасап жатқанын, республиканың транспорттық және транзит әлеуеті арта түскенін және «Астана» халықаралық қаржы орталығының жұмысына қатысушыларға бірқатар жеңілдіктер жасалып отырғанын айтып, америкалық бизнесмендерді Қазақстанда бірлескен жобаларды іске асыруға шақырды.
АҚШ іскер топ өкілдері Қазақстанмен экономикалық ынтымақтасты кеңейтуге мүдделі екенін білдірген.
Қазақстан президентінің АҚШ-қа ресми сапары 16 қаңтар күні басталған. Кеше Назарбаев Ақ үйде АҚШ президенті Дональд Трамппен кездескен.

17 қаңтар 2018 ж. 880 3

Гость Jeaplause от 11 ақпан 2019 18:22
Cialis Siti Sicuri online pharmacy Cialis Dose Cialis Costo Farmacia

Гость Jeaplause от 3 наурыз 2019 23:58
Progesterone Cheap On Line Store Priligy Acquisto On Line cialis without prescription Tadalafil Overnight Amoxicillin No Prescription Elderly Using Amoxicillin With Diabeties

Stevnoix от 8 мамыр 2019 15:23
Levitra Au Maroc Myrx Olanzapine cialis 20mg price at walmart Zithromax Ulcers