» » БҰҰ 2018 ЖЫЛҒЫ БАСТЫ МІНДЕТТЕРІН АТАДЫ

БҰҰ 2018 ЖЫЛҒЫ БАСТЫ МІНДЕТТЕРІН АТАДЫ


БҰҰ бас хатшысы Антонио Гутерриш 2018 жылғы басты жұмыс бағытын атады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

БҰҰ бас хатшысы Антонио Гутерриш ұйымның 2018 жылғы қызметінің басым бағыттарын атады. Оның сөзінше, биылғы жылғы басым бағыт – Таяу Шығыстағы қақтығыстарды және Еуропадағы түйіні әлі шешілмеген жанжалдарды реттеу, терроризммен күрес және Корей түбегіндегі ядролық қарулану мәселесін реттеу болмақ.
БҰҰ Бас ассамблеясында сөйлеген Гутерриш өзі бас хатшы болып жұмыс істеген бір жылда «адамзат бейбітшілікке маңайламағанын» да айтты. Оның сөзінше, Еуропадағы жанжалдарды реттеу үшін Донбасс, Таулы Қарабақ, Грузия және Приднестровье бойынша арағайындық жасау жұмысын жандандыру керек.
Гутерриш, сонымен қатар, Солтүстік Кореяның 2018 жылы ақпанда Оңтүстік Кореяда өтетін Олимпиадаға спортшылар жіберу туралы шешімін қоштады.
18 қаңтар 2018 ж. 812 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 123

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930