» » ЖАСТАР МӘСЕЛЕСІ НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛҒАН ЕМЕС

ЖАСТАР МӘСЕЛЕСІ НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛҒАН ЕМЕС



Мемлекет басшысы ертеңгі бағытын, даму жолындағы нақты міндеттерді айқындайтын Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жариялады.
Биылғы Жолдаудың тақырыбының өзі өте ерекше: «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру». Тәуелсіздік жылдары еліміздің жеткен жетістіктерін, атқарған істерін мақтанышпен айта аламыз. Бүгінде жүретін жолымыз айқын, нақты мақсаттарымыз бар еңселі елге айналып отырмыз. Ендігі мақсатымыз – мемлекетіміздің басты байлығы халықтың тұрмыс жағдайының деңгейін арттыру. Елбасы тарихымызда жаңа дәуірдің басталғандығын атай келе, «цифрлық дәуірге» нық сеніммен аяқ басуды және әрбір қазақстандық азаматтың өмір сүруіне жайлы орта құруды мұрат етіп отыр. Еліміздің орнықты дамуы өмір сүру деңгейін одан әрі арттыруға деген зор сенім ұялатады.


Қазақстан Президенті өзінің жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында барлық саланы назардан тыс қалдырмайды. Кез келген мемлекеттің үш алып тірегі бар: жерасты байлығы, өндіріс орындары және адами капиталы. Биылғы Жолдауда да адами капиталдың жаңа сапасы – білім саласы нақты міндеттердің қатарынан көрініс тапты. Бұл сала әрқашан өзекті мәселе болып қала бермек. Өйткені, Қазақстанның ең басты байлығы – жаңарған өмірге сай жаңа сападағы білімді меңгерген еңбекқор халқы. Демек, біздің еліміз дамудың ең биік көкжиегінен көрінуі үшін білімді жастарымыз көп болуы қажет. Ал, бұл – ұстаздар қауымына жүктелетін үлкен жауапкершілік. Жаңа технологиялар, роботтандыру мен автоматтандыру адам капиталының сапасына қатысты талаптарды күрделендіруде. Ғарыштық жылдамдықпен дамып келе жатқан әлем көшінен қалыспау үшін білім беру жүйесіндегі белгіленген негізгі тәсілдердің орындалуына баса назар аударуымыз қажет.
Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында жастар мәселесін де қозғаусыз қалдырмады. Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды ұйымдастыруды тапсырды. Алдымыздағы жылды жастар жылы деп жариялады. Бұл – бізге артылған үміт, бізге артылған сенім, бастысы, бұл бізге берілген үлкен мүмкіндік. Жастық жалынымызбен, жігерімізбен еліміздің дамуына сүбелі үлес қосуға бар күш-жігерімізді салатын кез жетті. Жастар – ел қуаты. Жастар – келешекте маңызды салмаққа ие болатын халықтың бірден-бір белсенді тобы. Жастық жігермен іргесі мықты ірі қамалдарды да төңкеріп тастауға болады.
Болашақ – біздікі, сондықтан да, бізді күткен жарқын болашақты көзімізбен көру үшін әрекетті бүгіннен, яғни, дәл қазірден бастауымыз керек. Осы тұста бізге артылған жауапкершілік өте жоғары. Тәуелсіздік – бізге бұйырған бақыт. Ал сол бақытымыздың баянды, тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуы тек біздің қолымызда. Қазіргі білім мен ғылым ғасырына айналған заманда елімізді әлемге танытар бірден бір күш, мемлекетіміздің бет-бейнесі де біздер.
Алдағы мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, орындауға тиісті міндеттер көп.



Н.Амандық,
«Темірқазық» қоғамдық
бірлестігінің төрағасы.


13 қазан 2018 ж. 924 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 763

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930