» » ЖІӨ өсімін 5% кем емес деңгейде қамтамасыз етеміз - Асқар Мамин

ЖІӨ өсімін 5% кем емес деңгейде қамтамасыз етеміз - Асқар Мамин

ÐÐÓ¨ Ó©ÑÑмÑн 5% кем ÐµÐ¼ÐµÑ Ð´ÐµÒ£Ð³ÐµÐ¹Ð´Ðµ ÒамÑамаÑÑз еÑемÑз  - ÐÑÒÐ°Ñ Ðамин

2019 жылдың қорытындысында жалпы ішкі өнім өсімін 5 пайыздан кем емес деңгейде қамтамасыз етеміз. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Екі айда жалпы ішкі өнім 3,5 пайызға өсіп отыр. Тау-кен өнеркәсібінде, машина жасауда, химия өнеркәсібінде, сауда, көлік саласында барлық көрсеткіштер артты. Жалпы келесі салалар бойынша көрсеткіштер ағымдағы жылдың қаңтар айымен салыстырғанда өсімнің оң серпінін көрсетуде. Құрылыста, өңдеу өнеркәсібі, металлургия, сонымен қатар негізгі капиталға салынған инвестициялар 104 пайызға дейін жетті. Бірақ, атап өткен салаларда өсу қарқынын одан ары арттыру керек. Осы мақсатта жұмысты ұйымдастыру қажет», - деді Үкімет басшысы.

Сонымен қатар ол бірқатар өңірде өнеркәсіп, құрылыс  саласында көрсеткіштер және негізгі капиталға салынған инвестиция тарту артта қалып отырғанын айтты. «Осыған байланысты жауапты мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге бірлесіп, көрсеткіштердің бірінші тоқсан қорытындысы бойынша жоспарлы оң өсімге шығуы үшін қажетті шараларды қабылдауды тапсырамын. Елбасының тапсырмасы бойынша жалпы ішкі өнімнің 5 пайыздан кем емес деңгейде өсімін қамтамасыз етеміз. Осы мақсатқа жету үшін бәріміз бірлесіп, қарқынды жұмыс істеуіміз керек»,- деді Асқар Мамин.  



inform.kz
12 наурыз 2019 ж. 722 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 025

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30