» » Ақтоты Райымқұлова Мәдениет және спорт министрі болып тағайындалды

Ақтоты Райымқұлова Мәдениет және спорт министрі болып тағайындалды



Ақтоты Рахметоллақызы Райымқұлова Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі болып тағайындалды деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасағанKAZ.NUR.KZ.

Бұл шешім Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 17 маусымдағы қаулысына сәйкес қабылданды.

"Ақтоты Рахметоллақызы Райымқұлова Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі болып тағайындалсын",- делінген хабарламада.

Айта кетерлігі, осыған дейін аталмыш министрлікті басқарған Арыстанбек Мұхамедиұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты өз қызметінен босатылды.

Естеріңізде болса, бүгін мәжілісте өткен әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитеттің отырысында Мәдениет және спорт министрі қызметіне Ақтоты Райымқұлованың кандидатурасы ұсынылғанболатын.
Комитеті мүшелері ұсынысты қолдап, Райымқұловаға бірнеше сауалдар қойып, өз тілектерін білдірді.




17 маусым 2019 ж. 1 127 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 436

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930