Қостанайлық полицей джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды
Қостанай полициясының капитаны Олжас Сақаулов полиция, әскер және қауіпсіздік бөлімінің джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды деп хабарлады ҚазАқпарат.
Әскерилер арасындағы дәстүрлі турнир Болгарияның Банска қаласында өтті. Байрақты бәсекеге қатысқан Қостанай облыстық ІІД қызметкері Олжас Сақаулов 85 келі салмақ дәрежесінде бірден екі медаль ұтып алды.
«Әлем чемпионы болу – әр спортшының арманы. Осы мақсатқа жету үшін көп еңбектендік. Құқық қорғау органдары саласында 15 жылға жуық уақыт қызмет етіп келемін. Бұл – менің ең ірі жеңісім. Ендігі ойым Әбу-Дабиде өтетін әлем чемпионатына қатысып, топ жару. Сәуір айында өтетін жарысқа дайындықты бастап кеттік», – дейді спортшы.
Олжас алдымен «Неваза – систем» жүйесі бойынша өнер көрсетті. Ол бірінші кездесуінде жарыс иесі – болгариялықтан басым түсті.
«Жартылай финалда италиялықпен шықтым. Оның айлакер спортшы екенін алдыңғы бәсекелерінен-ақ білгенмін. Расын айту керек, бастапқыда ол менен басым түсіп отырды. Дегенмен, кездесудің аяқталуына 15 секунд қалғанда оны тізе бүктірдім. Сөйтіп, финалда украиналық джиу-джитсу шеберімен айқастым. Қарсыласымды 5 ұпай айырмашылығымен оңай ұттым. Мұнан соң «Файтинг-систем» жүйесі бойынша үздік үштікке кірдім», – деді Сақаулов.
Олжас Сақаулов – Ресей ІІМ Омбы Академиясының түлегі. Джи-джитсумен 7 жасынан бастап айналысады. Оның қоржынында бірнеше республикалық, Азия ойындарының жүлделері бар.

http://stan.kz