» » Қысқы Олимпиада: бүгін жүлдеге таласатын отандық спортшылар

Қысқы Олимпиада: бүгін жүлдеге таласатын отандық спортшылар

Қысқы Олимпиада: 22 ақпан күні жүлдеге таласатын отандық спортшылар

Бүгін Пхенчхан төрінде кезекті медальдар жиынтығы сарапқа салынады. Оның ішінде қазақстандық спортшылар тау шаңғысы, шорт-трек және биатлонда жарыс жолына шығады деп хабарлайды 24.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Алғашқысында Игорь Закурдаев ел намысын қорғаса, биатлоннан әйелдер арасындағы эстафетада 4 бірдей жерлесіміз бағын сынайды.
Қазақстандық биатлоншылар үшін бұл – олимпиадалық жүлдеге таласатын соңғы сын.

Сондай-ақ, тағы бір үміт шорт-трек шеберлерінде. Өйткені ширек финалға 3 спортшымыз өткен еді.

Яғни, Денис Никиша, Абзал Әжіғалиев және Нұрберген Жұмағазиевтер 500 метрлік сында жүлдеге қол созып көреді.



https://kaz.nur.kz
22 ақпан 2018 ж. 668 0