» » Мейірім мерейімізді үстем етті

Мейірім мерейімізді үстем етті

Сүйінші! Лас-Вегас қаласындағы "MADISON SQUARE GARDEN" спорт кешенінде өтіп жатқан бокс кешінде Қазақстанның кәсіпқой боксшысы Мейірім Нұрсұлтанов мексикалық қарсыласын жеңіп, өзіне тиесілі белбеуін қорғап қалды. 
10 раундтық жекпе-жекте қос боксшының тағдыры шешіле қоймады. Тек төрешілердің шешімімен қазақ боксшысы жеңіс тұрғынан көрініп, WBC (USNBC) белбеуін қорғап қалды. Кәсіпқой бокста 13-жеңісіне қол жеткізген Мейірімді жеңісімен құттықтап, алда бұдан да биіктерден көрінуіне тілек білдіреміз.
Жеңіс құтты болсын, қазақ елі!
03 қараша 2019 ж. 664 0