Қазақстандық он спортшы ХОК стипендиясын иеленді
Халықаралық Олимпиада комитеті олимпиадалық қысқы спорт түрлеріндегі Халықаралық федерациялармен бірлесе отырып, он қазақстандық спортшыға 2022 жылы Қытайда өтетін Олимпиада ойындарына дайындалу мақсатында арнайы стипендия бөлді. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.
Бекітілген стипендиаттар тізімінде Юлия Галышева (фристайл-могул), Элизабет Тұрсынбаева (мәнерлеп сырғанау), Екатерина Айдова (конькимен жүгіру спорты), Жанбота Алдабергенова (шаңғы акробатикасы), Ақмаржан Қалмұрзаева (шаңғы акробатикасы), Павел Колмаков (фристайл-могул), Абзал Әжіғалиев (шорт-трек), Роман Креч (конькимен жүгіру), Дмитрий Рейхерд (фристайл-могул) және Сергей Ткаченко (шаңғымен тұғырдан секіру) сынды спортшылар бар.
ХОК талабы бойынша, әр елдегі ҰОК-терге бөлінетін стипендия көлемі өткен ойындарға қатысқан спортшылар арасында гендерлік теңдіктің сақталуына байланысты.
Сондай-ақ үміткерлерді іріктеу барысында олардың рейтингі мен спорттағы жетістіктері де қаралды. Стипендияны ХОК 2019 жылдың соңынан бастап төлейді.