» » Павлодарлық ұстаздар қазақша хоккей ойлап тапты

Павлодарлық ұстаздар қазақша хоккей ойлап тапты

Спорттық ойынға авторлық куәлігі берілді.


Павлодарлық ұстаздар қазақша хоккей ойлап тапты
ERNUR.KZ. Павлодардағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері қазақша хоккей ойлап тапты. Ережелері қазақтың ұлттық қазан ойыны негізінде жасалды, деп жазады pavlodarnews.kz. Ойын авторларының бірі – химия-биологиялық бағытындағы НЗМ-нің дене шынықтыру пәні мұғалімі Серік Темірғалиевтің айтуынша, QAZ-HOK, яғни қазақша хоккей ережелері әртүрлі тарихи құжаттарды зерттей отырып әзірленді. Спорттық ойынға авторлық куәлігі берілді. «Қазақтарда ертеде қорғаныс пен шабуыл тәсілдері пысықталатын қазан ойыны болған. Әріптес-педагогтар Болат Мұқышев пен Данияр Нұрғалиевпен бірлесе бұл ойынның ережелерін қазіргі заманға лайық етіп өзгерттік. Ойын ережелері Қазақстан Республикасы Ұлттық зияткерлік меншік институтында сараптамадан өтті», - дейді Серік Темірғалиев. QAZ-HOK-та бес-бестен бөлінген екі команда допты таяқпен қазанға тигізуі шарт. Осы арқылы ойын допты хоккейге ұқсайды. Доптың диаметрі 7,6 см.



«Алаңның екі жағындағы 1,8 метрлік шеңбер ортасына 50х40 сантиметрлік көп қырлы «қазан» қойылады. Әрбір команда шабуылға берілген 5 минут ішінде допты қазанға тигізуі керек. Қорғанған команда қазан айналасындағы шеңбер ішіне кірмеуі тиіс. Бес минут аяқталғанда шабуыл құқығы қарсылас командаға беріледі», - дейді педагог.

Кез келген спорт түрінде тәрізді мұнда да ереже бұзған командаға жаза тағайындалады. Допты аяқпен ойнаған командаға буллит секілді алаң ортасынан еркін соққы бағытталады. Балағат сөз айтқан немесе төреші шешімімен келіспеген ойыншы 2 минутқа алаңнан қуылады.

Серік Темірғалиевтің сөзіне қарағанда, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жасап шығарылған бұл ойын мектептерде өткізуге ұсынылады.

Қазақша хоккей жастарды ептілікке, ұжымда бірлесе қимылдауға үйретеді. Назарбаев Зияткерлік мектебінде қала мен облыстың жалпы білім беретін мектептерінің дене шынықтыру мұғалімдеріне ойын ережелері мен ерекшеліктері таныстырылды. Алдағы уақытта аталған спорттық ойыннан қала мектептері арасында жарыс өткізу жоспарлануда.

ernur.kz


14 ақпан 2020 ж. 400 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 664

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30