» » Жеті жасар қыз 80 келі зілтемірді көтерді

Жеті жасар қыз 80 келі зілтемірді көтерді


Фото: Michael Fayehun/Triangle news


Канадалық 7 жасар қыз 80 келі зілтемірді көтерді, - деп хабарлайды Daily Mail.

Осылайша, 7 жасар Рори Ван Ульф әлемдегі ең күшті қыз атанды. Жақында ол АҚШ-та өткен ауыр атлетика сайысында жеңіске жетіп, ең жас чемпион атағын иеленді.

Рори жұлқа көтеруде 32 келіге дейін, серпе көтеруде 42 келіге дейін көтере алады.
Сонымен қатар, ол 61 келі болатын штангамен жаттығу жасап, 80 келіге дейінгі зілтемірді бағындырған екен.

Рори спортқа 5 жасында келген. Ол аптасына 9 сағат жаттығады.

"Маған гимнастика көбірек ұнайды: бұл спорт түрінде ештеңе көтерудің керегі жоқ", - дейді канадалық жас зілтемірші.

Оның пікірінше, қауіпті спорт түрі оған мықты болуға көмектеседі.


kaz.tengrinews.kz
10 желтоқсан 2020 ж. 493 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 436

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930