» » Хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын жеңіспен бастадыХоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы әлем чемпионатын жеңіспен бастады. Топтағы бірінші ойында отандастарымыз Латвия құрамасын матч соңындағы буллит сериясында ұтып шықты.

Ойынның негізгі уақытында командалар 2:2 есебімен тең түсті. Латвия құрамасы екі рет есепте алға шыққан. Қазақстандық хоккейшілер есепті теңестіре білді. Ұлттық құрама сапында Александр Шин мен Джесси Блэкер шайба соқты.

Ойын соңындағы буллит сериясында Қазақстан құрамасы хоккейшілерінің асығы алшысынан түсті.

Ұлттық құрама келесі ойынын 23 мамыр күні Финляндияға қарсы өткізеді. Финдер топтағы бірінші ойында АҚШ құрамасын 2:1 есебімен ұтқан болатын.



Латвия — Қазақстан 2:3 Б (0:0, 1:1, 1:1, 0:0, 0:1)

Шайба соққандар:

1:0 — 27:44 Дарзиньш (Даугавиньш). Тең құрамда
1:1 — 38:59 Шин (Старченко, Диц). Ойыншы басымдығында
2:1 — 45:25 Букартс (Цибульскис). Тең құрамда
2:2 — 45:37 Блэкер (Сведберг, Сагадеев). Тең құрамда
2:3 — 65:00 Рымарев. Буллит 

Қақпашылар: Кивлениекс — Бояркин
Айып уақыты: 8:4 (2:2, 4:2, 0:0, 2:0). 

massaget.kz
24 мамыр 2021 ж. 538 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 143

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930