» » Бейжің – 2022: 18 ақпанда Қазақстан атынан екі спортшы бақ сынайды

Бейжің – 2022: 18 ақпанда Қазақстан атынан екі спортшы бақ сынайды

Қытай астанасы Бейжіңде өтіп жатқан Қысқы олимпиада ойындарының аяқталуына санаулы күн қалды. 18 ақпанда бақ сынайтын қазақстандық спортшылардың тізімін Olympic.kz жариялады.

18 ақпанда Қазақстан атынан екі спортшы сынға түседі.

Конькишілер Денис Кузин мен Дмитрий Морозов 1000 метрлік жарыс жолына шығады.Конькимен жүгіруден 1000 метрлік жарыс Нұр-Сұлтан уақытымен 14:30-да басталады.

Айта кетері, 17 ақпанда конькимен жүгіруден Қазақстан командасы сапында өзгерістер болды. Ерлер арасындағы 1000 метрлік жарыста Иван Аржаниковтің орнына Дмитрий Морозов шығатыны хабарланды.

«Ерлер арасында 1000 метрге жүгіруден командада өзгеріс бар. Иван Аржаников денсаулығына байланысты жарысқа қатыса алмайды. Оның орнына Дмитрий Морозов шығады деп шештік. Әрине, бұл Морозов үшін айтарлықтай ыңғайлы жарыс емес. Бірақ ол соңғы кездері 1500 метрде өзін жақсы көрсетіп жүр. Сондай-ақ бұл бәсеке масс-старт алдында жақсы дайындық болмақ», – деді бас бапкер Дмитрий Бабенко.
18 ақпан 2022 ж. 538 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 069

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031