» » "Жағым ауырып тұр": Мурата Головкиннің шеберлігі мен соққысы туралы айтып берді

"Жағым ауырып тұр": Мурата Головкиннің шеберлігі мен соққысы туралы айтып берді

МуратаГеннадий Головкинмен жұдырықтасқан Рийота Мурата жекпе-жек туралы айтып, отандасымыздың шеберлігі мен соққысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 


Муратаның сөзінше, кездесу кезінде ол түрлі күйді бастан кешкен. Кей кезде өз-өзіне көңілі толғанын да айтты. 

"Маған берілуге болмайды, себебі тек белбеуден айырылдым. Мұны әлі қабылдай алмадым. Жеңілгенімді түсіндім. Алайда әрі қарай да жекпе-жек өткіземін бе, жоқ па, нақты шешім қабылдаған жоқпын", - деді Мурата.

Жапониялық боксшының сөзінше, Головкиннің соққысының күшін сезіне алған. Әрі ол отандасымыздың шеберлігіне тәнті болды. 

“Мен Головкиннің шеберлігін сезіндім. Түрлі соққыларымен таңдандырды. Оның соққысының қуатын да сездім. Қазір мойным, иығым мен жағым ауырып тұр. Осы сезімнен арылғым келеді", - деп қосты Рийота Мурата. 

Айта кетейік, Рийота Мурата тоғызыншы раундта техникалық нокаутпен жеңілген еді. Осылайша Головкин IBF пен IBO белбеулерін сәтті қорғап, WBA Super белбеуін жеңіп алды. 

11 сәуір 2022 ж. 179 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 760

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930