» » ҚЫЗЫЛОРДАДА АРАЛБАЙ МАХАМБЕТОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ШАХМАТТАН ҚАЗАҚСТАН КУБОГЫ БАСТАЛАДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА АРАЛБАЙ МАХАМБЕТОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ШАХМАТТАН ҚАЗАҚСТАН КУБОГЫ БАСТАЛАДЫ


20-20 мамыр аралығында Қызылорда қаласында Аралбай Махамбетовты еске алуға арналған шахматтан жасөспірімдер арасында ҚР Кубогының I кезеңі басталады.
  Биыл 7-шы мәрте ұйымдастырылған жарысқа Қырғызстан елінен, Астана, Алматы қалаларынан және еліміздің барлық облыстарынан 10-14 жас аралығында 300-ден аса жасөспірім ұлдар мен қыздар қатысады.
  Жарыс ережесіне сәйкес шахматшылар швейцар жүйесі бойынша 9 турда классика және блиц түрлерінен шеберлік байқасады. Сондай-ақ, ел кубогы аясында ересектер арасында рейтингілік турнир өтеді.
  Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің есімдері 26 мамыр күні белгілі болады.
 20 мамыр күні «Нұрсәт» теннис орталығында сағат 16.30-да жарыстың салтанатты ашылуы өтсе, 17.00-де блиц түрінен сайыстар басталады.       





https://kyzylorda-news.kz
18 мамыр 2018 ж. 688 0